«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ»

Опубликовано: 11.10.2018

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсын өткізуде

2018 жылдың 17-21 қыркүйек аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында бастауыш білім беру пәндерін оқыту әдістемесі» тақырыбындағы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсын өткізуде. Қурсқа облыстың мектептерінен 27 мұғалім қатысуда.

 
«Critical thinking and 21st century skills» оқыту семинары өткізілді

17.09.2018ж. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында   «Critical thinking and 21st century skills» (Сыни ойлау және 21 ғасыр дағдылары) тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған ақылы оқыту семинары өтті. Семинарға 20 тыңдаушы Орал қалалық мектептерінен қатысты.

 
Филиалдың базалық мектептер жұмысына қатысуы

2018 жылдың 12 қыркүйек күні Орал қ №46 ЖОББМ базасында қалалық «Озат тәжірибе мектебінің» алғашқы отырысы өтті. Отырысқа қала мектептерінің мұғалімдері, ҚӘК әдіскері Ф.Б.Галиева, «Өрлеу» БАҰО филиалы БҚО бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы, тренер, педагогика ғылымдарының магистрі Ш.М.Зулкашева қатысты.

 
«Critical thinking and 21st century skills» оқыту семинары өткізілді

14.09.2018ж. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында   «Critical thinking and 21st century skills» (Сыни ойлау және 21 ғасыр дағдылары) тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған ақылы оқыту семинары өтті. Семинарға 22 тыңдаушы Орал қалалық мектептерінен қатысты.

 
«Кәсіби желілік қоғамдастық негізінде педагог көшбасшылығын дамыту» әдістемелік нұқсаулығы

Біліктілікті арттыру жүйесінде мектеп мұғалімдерінің көшбасшылығын дамытуда қазіргі педагогикалық қауым арасында кең тараған кәсіби желілік қоғамдастықтардың ролі ерекше. Бұл жағдайда педагогтердің көшбасшылық икемділіктері дамып, кәсіби желілік қоғамдастық арқылы өзара тәлімгерлік ынтымақтастық негізде біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алады.

 
Современные тренды в сфере образования: опыт России и Казахстана

Фотогалерея

13 сентября 2018 г. руководство филиала «Национального центра повышения квалификации «Өрлеу» «Институт повышения квалификации педагогических работников по Западно-Казахстанской области» подписало соглашение о сотрудничестве с ОГАОУ ДПО «Белгородский институт развития образования» (г. Белгород, Российская Федерация). В рамках заключенного соглашения предполагается участие преподавателей филиала в научных мероприятиях, в частности в IV Международной научно-практической конференции «Современные образовательные ценности и обновление содержания образования», которая состоится 23-24 октября 2018 г. в городе Белгороде.

 
Жаңа форматтағы Ұлттық біліктілік тестілеуге дайындау әдіс-тәсілдері

«Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 2018 жылдың 07 қыркүйек күні  математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математика пәні мұғалімдерін «Педагогика, оқыту әдістемесі» блогы бойынша жаңа форматтағы біліктілік тестілеуге дайындау әдіс-тәсілдері»тақырыбындағы 8 сағаттық ақылы оқыту семинары өтті.

 
Дефектолог, логопед, олигофренопедагогтерге арналған біліктілікті арттыру курсы

3-7.09.2018 ж.  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Қазақстан Республикасында арнайы (түзету) білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы қазақ және орыс тілінде дефектолог, логопед, сурдопедагог, тифлопедагог, олигофренопедагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстар өтті.

 
Әдістемелік семинар өтті

27-28.08.2018 ж.  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында  «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақты тиімді жоспарлау» тақырыбындағы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинарлар өтті.

Фотогалерея

 
Батыс Қазақстан облысында кәсіподақ төрағалары мен арнайы білім беру ұйымдарының басшыларымен көшпелі – семинар ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 24 тамыз күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Білім беру ұйымдарында педагог қызметкерлері қызметінің негізгі мәселелері. Еңбек қатынастарын реттеуде әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімнің ролі» тақырыбында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірлескен білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне және кәсіподақ активіне арналған көшпелі семинар – кеңесі ұйымдастырылып өткізілді.

 
<< < > >>

2 - бет 44 - беттен
rss